Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбелік фермерлер ет экспорттауға дайын

AstanaTV
13.06.2022ж. 20:00
1321
Ақтөбелік фермерлер ет экспорттауға дайын

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Орталық комуникациялар қызметінде, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Өзі басқаратын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқтала келе ол облыстың кең аумағы мен климаты ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы екенін жеткізді. Бұған ақтөбеліктер былтырғы қуаңшылық кезінде қысылмай, тіпті өзге өңірлерге көмектескенін де дәлел қылды. Әкімнің айтуынша қазір облыс аумағындағы егіншілікті әртараптандыру мақсаты тұр. Яғни дәстүрлі арпа-бидайдан бөлек майлы дақылдармен айналысатын, мал азығын өсіретін диқандар көбейсе, аймақтың өзге өңірлерге, тіпті шетелге ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға әлеуеті жетеді. Сонымен қатар, 2025 жылға дейін ет өңдеу зауыттарын салу да жоспарда бар.

Оңдасын ОРАЗАЛИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жалпы біз тек Ақтөбе облысы емес, бүкіл Батыс Қазақстан облыстарының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз. Оның үстіне экспорттық әлеуетіміз де бар. Себебі біздің өзіміздің ауыл шаруашылықтың адамдары қазіргі таңда өздерінің шығарып жатқан өнімдерін, әсіресе ет өнімдерін экспорттауға дайын. Соған Ауыл шаруашылық министрлігі тиісті шара қолдануда. Соңғы премьер министріміз  іссапармен келгенде осы мәселені көтергенде жалпы қолдау болады деп үміттендірді бізді.

А. Кемелжан