Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Баянауылда 6 ауыл сусыз отыр

AstanaTV
14.06.2022ж. 20:00
1889
Баянауылда 6 ауыл сусыз отыр

Павлодар облысына қарасты Ақши елді-мекенінің халқы су құбырын тарту жұмыстарына көңілі толмайды. Айтуларынша, құрылыс сапасыз жүргізіліп жатыр. Құбырды жерасты суының үстінен салуда. Бұқара шала-шарпы салынған мұндай құбырлар ұзаққа бармай ма деп алаңдаулы.

Бұл құрылысқа қазынадан 600 млн тенгеге жуық қаражат бөлінген. Шалғайдағы ауыл халқының мұң мұқтажын тілшіміз Өзгеріс Қуанар біліп келді.

Ақши ауылы – аудан орталығы Баянауылдан ең шалғай жатқан елді-мекендердің бірі. Мұнда  300-ден аса халық бар. Тұрғындар ауыз суды тасып ішеді. Биыл су тартып беру жұмыстарын бастаған. Алайда, ол көпшіліктің көңілінен шықпай отыр.

Сұңқар АХАНОВ, АҚШИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жердің астында су бар деген сылтаумен бұлар экскаватормен погрузчикпен қалай болса, солай төсеп жатыр. Жерасты жұмыстарының жұмысы үйдің фундамент салғанмен тепе-тең. Ең негізгі жұмыс. Трубаның дұрыс жатуы жердегі. Бұл ең негізгі жұмыс. Бұлар ең жеңіл нұсқаларын варианттарын таңдағылары келеді. Олай деген болмайды ғой.

Су құбырын тартуға ел қазынасынан 551 млн. 850 мың теңге бөлінген. Қомақты қаражатқа ауылдағы 55 үйге су тартылмақ. Бірақ, жобалау жұмыстары кезінде жерге зерттеу жасалынбапты. Салдарынан қазған жердің бәрінен су шыққан. Алайда, мердігер жерасты суын сорғызып алмастан, құбыр төсеп жатыр – дейді, тұрғындар.

Данияр АХМЕДИН, АҚШИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Техназорлар жоқ қастарында. Бүгін келді. Оған дейін болған жоқ. Погрузчикпен ашады. Шланганы лақтырады. Батпағын экскаватормен басады да, жауып кетіп жатыр. Нәтижесі ертең сусыз отырамыз ба, жанағы клубтың кейпін тартамыз ба - деп қорқып отырмыз. Бұл кісілер тартып тартып кететін адамдар. Біз ауылда қалатын адамбыз ғой енді.


Мәселеден жергілікті әкімдік хабардар. Аудан әкімінің орынбасары жерасты суын сорғызуға қаражат қарастырылмағанын - деді.

Руслан МҰҚАШЕВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ол істелінген сметаға ПСД корректировка жасау үшін тағы да қомақты қаражат керек екенін түсіндіріп айттық. Және ол жерде үлкендердің өздері де айтып отырды. Ол жерде водаотведение жасау деген ертең бет алды ақша кетірген деді. Себебі, біздің Ақши ауылында 1 метріден су шығады. Ал енді проекке техназор, автор, бәрін айтып берді қалай қалай немен болу керек екенін. Геодезия жұмыстары жүргізілмеген.

Десе де әкімдік өкілдері су құбырының 5 жылдық кепілдік мерзімі бар деп арқаны кеңге салып отыр. Естеріңізге салайық, өткен жылы Баянауыл ауданында 6 ауылға су құбыры тартылып, соңы аяқсыз қалған болатын. Халық әлі күнге дейін ауыз сусыз отыр. Ал әкімдік мердігерді сотқа берген. Әзірге нәтиже жоқ.

Ө. Қуанар