Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

"Кабинетім жоқ, жалақымды әлі білмеймін" – Саясат Нұрбек

AstanaTV
14.06.2022ж. 20:00
1564
"Кабинетім жоқ, жалақымды әлі білмеймін" – Саясат Нұрбек

Үкімет отырысына бүгін өткен аптада ғана Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалған Саясат Нұрбек бірінші рет қатысты. Үкімет басшысы мен әріптестерінің алдында "Қазақстан халқына адал боламын" деп ант берді. Десе де, әлі министрлік заңмен бекітілмеген. Осы орайда, шенді орынға тағайындалған ол, бірінші министрлікті құрып алу керек дейді. Айтуынша, ғимараты да, қол астындағы қызметкерлері де, кабинетімен қоса креслосы да жоқ екен.  

Саясат НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:

Бір жағынан іштей қобалжып тұрмын. Үлкен үміт те бар. Халқымызға қызмет етіп, ең бастысы Президенттің сенімін ақтау керек. Менің келісімшартым әлі жоқ. Заң тұрғысынан министрлік әлі құрылған жоқ. Үкіметтің қаулысын дайындап, өзімді жұмысқа қабылдауым керек.

Сонымен қатар, министр Саясат Нұрбек өз балаларын не себепті шетелде оқытып жатқанын түсіндірді. Айтуынша, біздің елдегі жекеменшік мектептер қымбат. Қалтам көтермеді дейді.

Саясат НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:

Балаларымды Қазақстандағы жеке мектептерде оқытуға қаражатым жетпеді, Кипрде британдық форматтағы жақсы ағылшын мектебі болды. Бірақ уайымдамаңыздар, 26 маусым күні балаларым Қазақстанға ұшып келеді, сіздерге фотоесеп жіберемін.  

А. Базарбай