Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ пен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан шықпайды

AstanaTV
15.06.2022ж. 20:00
1519
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ пен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан шықпайды

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ пен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан шықпайды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ өте маңызды ұйым және интеграция үлкен күш-жігерді талап етеді. Былайша айтқанда, алдымен экономика, содан кейін саясат. Қасым-Жомарт Тоқаев қос мемлекет санкцияларды бұзбай арадағы қарым-қатынасты, ынтымақтастықты жалғастырып жатқанын атап өтті. Яғни «Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, одақтастық сабақтастығы толық  сақталып отыр».

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Әр ел өз ұстанымын қорғауды қажет деп санайды. Бұл қалыпты жағдай.  Егер елдердің бірінің экономикасы күйрей бастаса «бұл интеграцияның пайдасы неде?» деген ел азаматтарының сұрағы туындайды. Мұндай сұрақтар, шынын айтқанда, кейде біздің елде де естіліп жатады. Сондықтан да Еуразиялық экономикалық одақтағы біздің өкілдеріміз ел мүддесін  барынша табанды қорғап, әріптестеріне соны терең түсіндіруде.


Мемлекет басшысы сұхбат барысында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына қатысты ұстанымын білдірді. Және  бұл жағдайдан саяси астар іздеудің қажеті жоқ екенін атап өтті. Мәселен, Ресей Қазақстанды  «құтқарды» дейді.  Бұл «ақиқаттан алыс» айтылған пікір.  Қазақстанда орыс тіліне қысым жасалып жатыр деген пікір де түк шындыққа жанаспайды, деді президент.

З. Санай