$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ұлттық құрылтай не үшін құрылды?

AstanaTV
15.06.2022ж. 20:00
1210
Ұлттық құрылтай не үшін құрылды?

Ұлттық құрылтай қоғамды ұйыстыру жолында идеялар ұсыну және оны жүзеге асыруға қатысты диалог алаңы болмақ. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Telegram парақшасында Ұлттық құрылтайдың не үшін құрылғанын түсіндіріп өтті. Ол: Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жұмысын аяқтады. Дегенмен, оның негізгі мүшелері Ұлттық құрылтай құрамына кіргенін жеткізді. Мемлекет басшысы жаңа құрылым жайында алғаш рет наурыздағы Жолдауында мәлімдегенін еске салды. Ұлттық құрылтайдың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінен айырмашылығына да тоқталды.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІ:

Бұрын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен саяси реформалар жайында айтылса, енді Ұлттық құрылтайда жалпыұлттық құндылықтарды нығайта отырып, қоғамды одан әрі ұйыстыруға бағытталған ұзақмерзімді мәселелер талқыланады.


Ұлттық құрылтай – Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган.

Е. Карин