$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Құрылтайда әр азамат пікір білдіріп, үн қоса алады», - сарапшылар

AstanaTV
15.06.2022ж. 20:00
1449
«Құрылтайда әр азамат пікір білдіріп, үн қоса алады», - сарапшылар

Түйіткілдің түйінін тарқататын түзу жолдың бірі – өткір мәселелерге қоғам болып қарап, тұтас ұлт болып шешім шығару. Мәжілісмендер Ұлттық құрылтайдың негізгі мақсаты осы дейді. Ауқымды жиын ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнын басатынына сенім білдіріп отыр. Депутат Берік Оспанов Ұлттық құрылтайдың құрамы ерекше жасақталған дейді. Белгілі тұлғалардан бастап, өңір мәселелерін бес саусақтай білетіндер енгізілген. Барлық сала өкілдері де бар. Бұл мәселенің тез шешілуіне ықпал етпек. Бастысы, ашықтығымен айшықталады дейді.

Берік ОСПАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл Ұлттық құрам болғаннан кейін өте маңызды мәселелер шешілетін болады. Қазір өздеріңіз білесіздер ғой Жаңа Қазақстан құру жолында үлкен мәселелер, реформалар тұр және атқарылатын жұмыстар. Сондықтан барлық бастамаларға, барлық мақсаттарға осы ұлттық құрылтай ұйытқы болады деп мен сондай тұжырымға келіп отырмын да.


Қоғам белсенділері құрылтай - ұлт болып ұйысатын орта дейді. Яғни, әрбір азамат үн қосып, жергілікті мәселені құрылтайда айта алады.   

Максим РОЖИН, ЖУРНАЛИСТ, ҚОҒАМ БЕЛСІНДІСІ:


Бұл жалпы жергілікті проблемаларды Ұлттық құрылтай алаңына дейін мақсатында жасалып отыр деген ойдамын. Бұл дұрыс. Алдағы уақытта отырыстардың нәтижесі көрінетін болады. Менің күтетінім ел игілі үшін халық мүддесі үшін жасалатын жақсы ұсыныстар айтылатын алаңға  айналады деген сенім бар.


Т. Әлжанов