Теміртау қаласында «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты жылу электр орталығында жұмысшы қаза тапты. 35 жастағы азамат 7- нші қазандықты жөндеу кезінде биіктен құлап кеткен. Қарағанды облыстық әкімдігінің ресми ақпаратына сүйенсек, ол- компанияға тиесілі серіктестіктің қызметкері. Бұл мекеме келісімшарт арқылы «Арселор Миттал Теміртау»- дың жылу қазандығының жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Еске салсақ, бірнеше күн бұрын компанияның металлургия комбинатында тағы 4 адам қаза тапқан болатын. Бір азамат ауруханада жатыр. Олар ыстық пешті жөндеу кезінде бастырылып қалған. Апаттың себебін арнайы комиссия келесі апта жариялайды.
А. Қуаш