$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырауда 9 адам донерден ұшынды

AstanaTV
16.06.2022ж. 20:00
1508
Атырауда 9 адам донерден ұшынды

Атырауда 9 адам астан ұшынды. Облыстық инфекциялық ауруханаға кеше 8   адам  түссе,  бүгін  тағы бір  адам дәрігер көмегіне жүгінген. Сондай-ақ бірнеше адам үйінде учаскелік дәрігерден ем алып жатыр. Олардың  барлығы қаладағы   Сырым Датов көшесінде орналасқан фасфуд дайындайтын  дүңгіршектен  құс етінен жасалған донер тағамын сатып алып жеген.  Жедел ішек  диагнозымен түскен науқастардың арасында 1 жас 7 айлық сәби де бар.   Атырау қалалық полиция басқармасы тергеу амалдарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды.  Ал  дүңгіршек  жұмысы уақытша тоқтатылды. Науқастар  дәрігердің жіті қадағалауында.

Әділбек МАҚАШ, ИНФЕКЦИОНИСТ-ДӘРІГЕР:

Бір үйден екі-үш адамнан келіп жатыр. Тағы да одан  бөлек үйде ауырып жатқан науқастар бар. Қазіргі  уақытта ауруханада 9 науқас бар. Жағдайлары  тұрақты. Орташа ауырлықта.

Б. Надірқызы