Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шошқа фермасын кеңейтуге қарсы

AstanaTV
17.06.2022ж. 20:00
1250
Шошқа фермасын кеңейтуге қарсы

Павлодарда, қала іргесіндегі бүтін бір ауыл тұрғындары шошқа фермасы кеңейтуге үзілді-кесілді қарсы. Айтуларынша, бұл ауылда бұрыннан доңыз өсіріледі. Одан шығатын жағымсыз иістен мезі болған бұқара, шаруашылықтың көшірілуін талап етті.

Шошқа фермасы Павлодар ауылының дәл іргесінде орналасқан. Одан шығатын жағымсыз иістен мезі болған тұрғындар, ферманы үлкейтуге  қарсы.

Әлия АХМЕТОВА, ПАВЛОДАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Әйнекті жабамыз. Киімді сыртқа шығара алмаймыз мүлдем. Бұл иіс келсе, бітті бүкіл үйдің бәрін алып кетеді. Әйнекті жаба алмай қалсақ, енді бітті ананың ішіне жатуға освижительмен былай нетіп өзіміз кіреміз. Ашып жатып, ұйықтай аламаймыз.


Бұл жолы мекеме өкілдері шаруашылықты кеңейтуге рұқсат сұрай келіпті. Алайда, бұқара бұған үзілді кесілді қарсы екендерін жеткізді.

Ауыл халқының шошқа фермасынан шығатын жағымсыз иістен зардап шеккеніне 10 жылдан асқан. Тұрғындар мәселесін айтып, талай табалдырықты тоздырғанмен, нәтиже болмапты. Бұл жолы олар ферманың біржола көшірілуін талап етті.

Динара БОЛАТБЕКҚЫЗЫ, ПАВЛОДАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Павлодар ауылының тұрғындары «Рубиком» компаниясын осы жерден алып тастауға ұсыныс бердік. Осы жылдың бірінші тамызына дейін біздің бұл ұсынысымыз орындалсын - деп талап етеміз.  

Ал серіктестік басшылары фермаға күрделі жөндеу жүргізіп, жаңа технологиямен жабдықтаймыз – деп отыр. Алайда, халық бұған сенімсіздік танытты.

Дмитрий МЕРЗОНОВ, ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Бұл жоба бойынша ешқандай ферманы кеңейту жұмыстарын жүргізбейміз. Жануар басын көбейтуде көзделмеген. Ферма бұрынғыдай қалады. Тек  қайта жөндеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Бұл біздің жұмысымызды жақсартуға жол ашады.  Яғни, мұнан шығатын қалдық 100 пайыз өңделіп, иіс шығармау үшін жасалынатын болады.  


Халықтың қарсылығынан кейін қоғамдық тыңдау тоқтатылды. Десе де, ауыл халқы айтқанымыздан қайтпаймыз - деп тарқасты.

Ө. Қуанар