$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Павлодарда «Етегіне ел сыйған Едіге би» атты оқушылар арасында облыстық оқулар өтті

AstanaTV
16.06.2022ж. 20:00
2236
Павлодарда «Етегіне ел сыйған Едіге би» атты  оқушылар арасында облыстық оқулар өтті

Павлодарда қазақтың аса көрнекті биі Едіге Төлеубайұлына арналған «Етегіне ел сыйған Едіге би» атты  оқушылар арасында облыстық оқулар өтті. Байқауға 6-11 сыныптардан   40 үміткер қатысты.  Байқау ережесімен оқушылар эссе жазу, ғылыми жоба, тестілеу  бойынша сынға түсті.   Шараның өтуіне «AMANAT» партиясының облыстық филиалы мұрындық болған.

Қуат ҚҰРМЕТҰЛЫ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:

Едіге би» оқуларына осы Едіге биді зерттеген Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Қажымұқан» поэмасы арқылы Қажымұқан көтерген тасты зерттеп келіп отырмын. Осы ғылыми жоба арқылы ашқан жаңалығым осы Қажымұқан көтерген тастың көшірмесі бар екені білінді.


Мейрам НҰҒЫМАН, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:


Едіге би оқулары жалпы Павлодар облысының білім тарихында, мәдениет тарихында деп айтсақ болады. Тұңғыш рет өткелі отыр. Осынысымен бұл ерекше. Екінші «Рухани жаңғыру» аясында «Ұлыттық мұра» жобасы аясында үлкен маңызы бар шара деп есептейміз.

Ө. Қуанар