$541.45 €631.17 ₽6.78
×

Алматылықтар 2 млн долларға жуық қаражат көлемінде қаржы пирамидасына алданып қалған

AstanaTV
17.06.2022ж. 20:00
1704
Алматылықтар 2 млн долларға жуық қаражат көлемінде қаржы пирамидасына алданып қалған

Алматыда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды. Ол тұрғындардың екі миллион долларға жуық қаражатын алып,сан соқтырып кетті. Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері алданған салымшылардың шағымдарынан кейін алаяқтардың ізіне түскен. Салынған қаражаттан пайыз алуға уәде берушілерге 300-ден астам адам сеніп қалған. Нәтижесінде қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары екі миллион долларға жуық және алты жүз миллион теңгеден астам қаражат жинаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Үш адам ұсталды.

Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған компания TheFiniko.com. бағдарламасы арқылы адамдарды тартуды жүзеге асырды. Ал тартылған қаражат әлемдік биржалардағы сауда-саттыққа емес, іс жүзінде қатысушылар мен ұйымдастырушылар арасында таратылды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес, «TheFiniko» симулятор болып табылады.


 Қазіргі таңда басқа да тұлғалардың қаржы пирамидасын ұйымдастыруға қатысы бар - жоғы анықталып жатыр. Айта кетейік, өткен жылдың шілде айында "Финико" компаниясы Қаржы нарығын реттеу агенттігінің назарына іліккен болатын. Агенттік компания жұмысында қаржылық алаяқтықтың белгілерін анықтаған. Кейінірек компанияның ісі Ресейде де тергелгені белгілі болды.

М. Жақан