Екібастұзда терезеден құлап кеткен баланың әкесі жауапқа тартылуда. 5 жасар бүлдіршін үшінші қабаттан құлаған. Сол сәтте ол үйде ересектердің қарауынсыз қалған. Онсыз да туғанынан мүгедектігі бар балақай түрлі дене жарақатын алып, шұғыл қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Ал тәртіп сақшылары оның 25 жастағы әкесіне сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Оған екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуы мүмкін. Сондай-ақ, үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырылады.
А. Төребекқызы