$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Балалар арасында құлақ мүкістігі белең алуда

AstanaTV
17.06.2022ж. 20:00
1640
Балалар арасында құлақ мүкістігі белең алуда

Алматы облысында балалар арасында құлақ мүкістігі белең алуда. Жыл басынан бері 30 бала  дертке шалдыққан.  Дәрігерлер мұны коронавирустік инфекцияның  салдары дейді. Сондай-ақ кей ата-аналар оған бей-жай қарап, баланы емдетуге тырыспайтынын айтады.
   
Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасындағы сурдолог маманға күніне орта есеппен  15-20 бала қаралуға келетін көрінеді.  Соның кемінде 1-2 екеуінен құлақ мүкістігі анықталады. Оның себебін дәрігерлер коронавирустік инфекцияның салдарымен, шала туу және жүкті әйелдердің денсаулығының нашарлауымен байланыстырады.  

Айнұр БЕКМҰРЗАЕВА, СУРДОЛОГ:

Кейде балаларда жидкость болуы мүмкін. Сұйықтық жиналуы мүмкін дабыл жарғағының артында. Коронавирустік инфекцияның салдарынан болуы мүмкін, шала туу дәрежесі көтеріліп жатыр. Жүкті әйелдердің денсаулығының нашарлауына да байланысты, инфекцияның көп таралуына да байланысты нашар есту балалар көбейіп жатыр.


Алматы облысының тұрғыны Нұрғиса Мадримованың 2 жасар қызына бір жыл бұрын екінші дәрежелі құлақ кереңдігі диагнозы қойылған. Ауру туа бітті болған.  Жоспар бойынша, бала 3 жастан асқанда ғана  құлағына операция жасалады.

Нұрғиса МАДРИМОВА, НАУҚАСТЫҢ АНАСЫ:
 
Баламның диагнозы – құлағы естімейді деп келгенбіз кішкентай кезінде. Әлі күнге дейін тексеріліп жатырмыз.  

Дәрігерлер диагноз неғұрлым ерте қойылса, соғұрлым оны емдеу шаралары да сәтті өтіп, толық жазылып кету мүмкіндігі арта түсетінін айтады.  Сөздерінше, көптеген ата-ана медициналық тексеріс, скринингтерге селсоқ қарайды.  Бірақ, ыждахаттылықпен ем алатындар да бар. Құлақ кереңдігі, нашар есту фактілері анықталған соң, науқастарға бірден есту аппараттары кигізіліп, қажетті жағдайда арнайы операцияға жолдама беріледі. Бүгінде Алматы облысы бойынша   820 бала құлақ мүкістігі бойынша тіркеуде тұр.  

Асқар ҚАЛИЕВ, АЛМАТЫ АЙМАҚТЫҚ БАЛАЛАР КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ЕМДЕУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің аурухананың құрамында бет-жақ хирургия бөлімі бар. Оның құрамында лор потологиясымен балалар ем алып жатады. Алматы облысының оңтүстік аймағымен қоса, солтүстігінен де науқастар келіп жатады. Біздің сурдолог кабинетінде барлық жабдықтар бар. Соныің арқасында балалар тексеруден өтіп, ерте патология анықталып, ерте емін алып жатыр.
 
Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Дәрігерлер ата-аналардан балаларын дер кезінде тексертіп аудиоскринингтен өтулерін сұрайды. Айтуларынша, туған кезде, одан кейін 1 жас, 3 және 6 жаста балалар міндетті түрде сурдологтың қабылдауында болуы қажет. Ал аурудың асқынуына, балалардың құлаққапты жиі пайдалануы да себеп болып тұр дейді мамандар. Бұл өз алдына үлкен мәселе екенін айтады.

М. Жақан