Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының берілгеніне барша қазақ қуанды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Ұлытау төріндегі келелі кеңесті осындай қуанышты жаңалықпен қорытындылаған болатын. Халықтың қуанышында шек жоқ. Аңыз тұлға бұл құрметке лайықты екенін айтып, бір-бірінен сүйінші сұрауда.
«Өмір-өзен» -қазақтың ән өнеріндегі шоқтығы биік туындылардың бірі. Сөзін – Мұхтар Шаханов, әнін – ұлы композитор Шәмші Қалдаяқов жазған. Ән аға мен жан ағаның бірлескен туындысы көптің көкейінен шықты. Халықтың ыстық ықыласына бөленді. Әннің дүниеге келгеніне қанша жыл өтсе де, ол өзінің салмағын, мәнін жойған жоқ. Әлі құнды.
Бұған халық қатты қуанды. Лайықты марапат, лайықты құрмет дейді. Ақынның ерен еңбегі көзі тірісінде бағаланып жатқанына дән риза.
Аягүл МИРАЗОВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ:
Нағыз ұлттың жанашыры, нағыз ақиық ақынымыз, ғұмырының барлығын да тек қана ұлты үшін, жер, ел деп халық деп, тіл деп мын өмірін соған арнап келе жатқан Мұхтар Шахановтың төсіне Қазақстанның Еңбек ері жұлдызының тағылуы отан және жұлдыз ордендеріне ие болуы өз басым екінші рет еңбек ері болғандай қуанышқа кеңелдім.
Қалдыбек ҚҰРМАНӘЛІ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, КОМПОЗИТОР:
Мұханның өзі көзі тірісінде өзінің мына 80 жылдық мерейтойы кезінде. Шахановқа осы атақты беруі оның үстіне Шаханов туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірі бұл Шахановқа берілген әділдіктің әділ бағаның белгісі. Бұл енді біздің мемлекетіміздің жаңарған Қазақстанның алғашқы баспалдығы, қадамы.
Ә. Лесбек