Елордада «Altyn shipager» медициналық сыйлықтың иегерлері анықталды. Дәрігерлер 12 аталым бойынша марапатталды. Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған бірегей жоба 2 жылдық үзілістен кейін екінші рет өткізіліп отыр. Ділхат Өмірхан 30 жылдан бері үздіксіз медицина саласында жұмыс істеп келеді. Денсаулық саласында аянбай тер төгіп келе жатқан дәрігер бұл марапат еңбегімнің жемісі дейді.
Ділхат ӨМІРХАН, Н.СЫЗҒАНОВ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:
ҚР Медицина қызметкерлерінің күнімен барлық, өз әріптестерімді құттықтаймын. Оларға бірінші денсаулық тілеймін. Отбасыларына амандық, жұмыстарына сәттілік тілеймін.
«Алтын шипагер» сыйлығы «Дені сау ұлт» медициналық саммиті барысында ұйымдастырылды. Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара сазды ән, театрландырылған қойылыммен айшықталды. Сондай-ақ, фармацевтикалық компаниялар мен медициналық мекемелердің қатысуымен республикалық ауқымды көрме өтті.
Батырхан САРЫМСАҚОВ, ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
"Алтын шипагер" конкурсы бойынша 12 номинация. Бұл «Алтын шипагердің» ерекшелігі -бұрынғы жылдары мына дәрігердің өздері марапатталса, биыл медициналық ұйымдарды, үздік медициналық ұйымдарды таңдап жатырмыз.