$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Бірнеше жерден сынып, бөлініп қалған аяқты қалыпқа келтірді

AstanaTV
17.06.2022ж. 20:00
1054
Бірнеше жерден сынып, бөлініп қалған аяқты қалыпқа келтірді

Қызылжарлық дәрігерлер  адамның бірнеше жерден сынған аяңғын қалпына келтірді.  Булаев қаласында топырақты өңдеп жатқан жігіттің аяғын кенеттен мотоблок орап кеткен.   Жедел жәрдем  шақырып, ол қалаға жеткізілді. Дереу операция жасалды.

Евгений КАЛИНИН, НАУҚАС:

Мен мотоблокпен төрт жылдан бері жұмыс істеп келемін. Бірақ осы жолы тізгіндей алмадым. Артқа жүріп бара жатқанда шалбарымның балағын орап алып, аяғымды ыдыратып тастады. Қазір жағдайым жақсы. Дәрігерлерге үлкен алғысымды білдіремін.

Дәрігерлердің айтуынша, үш мәрте операция жасалған.  Науқастың аяқ сүйегін қалпына келтіру үшін  бірнеше темір сақина орнатылған.  Қазір Евгений балдақтың көмегімен жүр. Дәрігерлер науқас екі-үш айдан соң өзі жүріп кетеді дейді.

Вали БЕДЕШЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

Аяқтың сүйегі бірнеше бөлікке бөлініп қалған. Біз оны жинап, темір таяқшалар мен сақиналармен бекітіп қойдық. Жүйке жүйесіне зақым келмеген. Сондықтан тірек-қимыл әрекетіне әсер етпеуі тиіс. Бұл күрделі ота болып саналады.  

А. Құрманкин