Қаңтар оқиғасы кезінде "Дикий Арманның" рөлі ерекше болды. Бұл туралы Бас прокуратура қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев айтты. Арман Жұмағалиев серіктестеріне суық қару мен денеге зиян келтіретін басқа заттар таратқан. Ерекше белгі ретінде барлық қатысушылардың сырт киімінің жеңіне ақ мата таққан дейді.
Серік ШАЛАБАЕВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРА ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Аталған қылмыскерлер топтары қаланың әр түрлі нүктесінен 24 азаматты ұрлап, оларды ұрып-соғып, Ritz Carlton және «Қазақстан» қонақүйлерінің паркингінде ұстаған. Кейіннен жәбірленушілер қала шетіне жеткізіліп, қылмыскерлердің қарулы күзеті қойыла отырып, металл контейнерге орналастырылды. Броньдалған жилеттер, бастарына арналған қорғаныс құралдары, атыс қаруы және 200 мың теңге ақша берілген.
Тәртіп сақшылары 5000-нан аса соталды істі тіркеген. Олардың басым бөлігі мүлікті бүлдіру, бұзақылық және қару-жарақ ұрлау дерегі бойынша. Сондай-ақ әр өңірде тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікпен 27 азамат анықталған. Олардың қатарында Алматы әуежайына шабуыл жасап, «Көктебе» телемұнарасын басып алуға әрекет жасағандар бар. Ал ұрланған қарудың 2 мыңнан астамы әлі табылмаған. "Бұл елеулі қауіп төндіреді, өйткені қылмыскерлер оны кез келген уақытта бейбіт тұрғындарға қарсы қолдана алады", дейді құзырлылар.
Серік ШАЛАБАЕВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРА ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Қаңтар оқиғаларына қатысты, қатысы бар 514 күдікті қамауда. Қамауға алынған әрбір адам бойынша олардың ауыр қылмыстарға қатыстылығы және белсене қатысуы туралы жеткілікті мәліметтер бар. Олардың барлығына қорғалу құқығы, санитарлық нормалар, тамақтану, дәрі-дәрмектер және ұстаудың тиісті жағдайлары қамтамасыз етілуде.