Қостанай облысындағы Ресеймен шекаралас елдімекендерде белгісіз індет тарады. Үй құстары жаппай қырылып жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бір-екі күннің ішінде бірден елу тауық қылжиған. Қазір ауылда қанатты қалған жоқ дейді. Ветеринарлар өлексені зертханаға жіберген. Мамандардың айтуынша, Ленин ауылында тауық ауруы жыл басында байқалған. Алайда тұрғындар дер кезінде хабарламағандықтан, оның себеп-салдарын анықтау мүмкін болмағанын айтады.
Бауыржан БЕКЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Құстың иелері дер кезінде аудандық ветеринария қызметіне хабарламаған. Өздері өлген тауықтың өлекселерін өртегендіктен, дер кезінде патологиялық материалдар алынбады. Бүгінгі таңда үш бас тауықтың өлексесінен материалдар алынып, облыстық ветеринария зертханасына зерттеу үшін жіберілді. Бүгін тағыда үш тауықтың өлексесінен материалдар алынып, Нұр-Сұлтан қаласындағы ветеринария ұлттық референторталығына жібереміз.
З. Санай