Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Асхат Оралов ТүркіПА делегациясымен кездесті

AstanaTV
20.06.2022ж. 20:00
862
Асхат Оралов ТүркіПА делегациясымен кездесті

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов, Түркітілдес мемлекеттер парламенттік ассамблеясының жас парламентшілер тобының мүшелерімен кездесті. Іс-шараға топ жетекшісі, AMANAT» партиясының атынан сайланған Мәжіліс депутаты Елдос Абақанов, сондай-ақ Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан елдерінің халық қалаулылары қатысты. Асхат Ораловтың айтуынша, жас парламентшілер арасындағы өзара іс-қимыл - жастар саясатын дамытуға ғана емес, жалпы партияаралық ынтымақтастықты нығайтуға да ықпал етеді. Сонымен қатар жиналғандарға ел ішінде болып жатқан саяси реформалардың маңызына тоқталды.

Асхат ОРАЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Конституцияға түзетулер енгізу бойынша бүкілхалықтық дауыс беру қорытындысы Қазақстан халқының Мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын көрсетті. Сонымен бірге, бұл елімізде демократия институты нығайып келе жатқанының көрінісі. Енді біздің алдымызда Жаңа Қазақстанды құру міндеті тұр және «AMANAT» партиясы бұл үдерісте ерекше рөл атқарады.

А. Шамшидин