$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қанттың бір келісі 1000 теңгеден сатылуы мүмкін

AstanaTV
21.06.2022ж. 20:00
2360
Қанттың бір келісі 1000 теңгеден сатылуы мүмкін

Елімізде қант бағасы 1000 теңгеге жетуі мүмкін. Бұл онсыз да қат дүниеге айналған қант мәселесін онан сайын ушықтырмақ. Қазір қорда елге қажеттілігінің жартысын ғана өтейтін өнім бар.  Ол таусылса не болады?   Мамандар не дейді, сарапшылардың болжамы қандай? Айжан Шамшидинның репортажы.

Қазақстандағы қанттың 90 проценті шетелдік шикізат – қант құрағынан жасалады.  Небәрі 10 пайызы ғана- отандық өнім. Еліміз  шетелдік шикізатты біртіндеп қысқартуды көздеп отыр. Десе де, ішкі сұраныстың орнын толтыру үшін шекерді  сонау Бразилия мен Үндістанның  тасымалдауға мәжбүр.
 
Сәуле ЖҰРЫНОВА, ҚР АШМ АГРАРЛЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІК НАРЫҚТАРЫ, ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ   ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Күнделікті қантпен қамтамасыз ету мәселесін басты назарда ұстаймыз. Тараз, Мерке, Көксу, Ақсу  зауыттарының жүктемесі артқан.  Сондай-ақ тездетіп шетелден қант жеткізетін компаниялармен келісімшарт жасалуда.


Биыл 12 мың тонна қант қызылшасы егілген.  Бұл- ел тарихындағы ең аз көрсеткіш. Оған себеп, соңғы жылдары қызылшаны баптап өсіретін шаруалардың шығыны артқан. Техника ескі. Заманауи комбайндар алуға  жағдай келмейді.

Ербол ЕСЕНЕЕВ, «АТАМЕКЕН» ҚР ҰКП АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қант зауыттары мен шаруалардың арасындағы байланыс дұрыс болмай тұр. Сондықтан жылға егістік көлемі азайып барады. Биылдың өзінде 12 мың гектар жинағанның өзінде, 5-6 мың тонна қант өндіріледі. Ол қазақстандықтарға бір аптаға жететін қант көлемі.

Ел тұрғындары ай сайын 45 000 тонна қант тұтынады. Ал қордағы қант көлемі -26 000 тонна.  Ең арзан құмшекер- Ақтөбеде, 670 теңге. Алматыда 700 теңге, Нұр-Сұлтан қаласында 750, ал Шымкент пен Қостанайда 1 келі қант 800 теңгеден сатылып жатыр.

БЛИЦ:

- Қант деген резко көтеріліп кетті. Қазір вареньенің сезоны. 8 баланың анасымын. Қазір компот істеуім керек, варенье қайнатуым керек.

- Продукты қымбаттап жатыр. Ал көтерген жалақы оның орнын баспайды.  

- Торттың бағасы қымбаттайды. Қазір продуктыға көп ақша кететін болған. Бұрынғыға қарағанда.


Қанттан бөлек, өзге де азық-түлік бағасы   да қалтаны қағады. Әсіресе, сұйық май, нан мен ұнның бағасы өскен. Статистика қазақстандықтар жалақыларының жартысынан астамын азық-түлікке жұмсайтынын көрсетіп отыр.   
 
Сапарбай ЖОБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

Қазақстандықтардың табысының 50-55 пайызы азық-түлікке кетеді. Енді бұл әлемдік тәжірибеде дамушы елдер қатарында бұл көңіл толатын құбылыс. Ой мына Еуропа елдерінде 20-25 пайыз деп жатады. Әрине олардың табыстары үлкен.

Қант тапшылығы кондитерлік өндірістің  тоқтауына әкелуде.  Қордағы қант таусылса, 10 мыңнан астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін.   Бұл мәселе қазір әлем елдерін де алаңдатып отыр. Жаһандық экспорттағы үлесі 10 процент Үндістан да ішкі нарығын қамту үшін, шекерді сыртқа шығаруды  уақытша шектеді.

А. Шамшидин