Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Әсет Исекешев «Нұр Отан» партиясының Астана филиалының төрағалығына сайланды

AstanaTV
07.07.2016ж. 20:00
2370
Әсет Исекешев «Нұр Отан» партиясының Астана филиалының төрағалығына сайланды

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының жаңа төрағасы тағайындалды. Партияның қалалық филиалының кезектен тыс XXIII конференциясына қатысқан 200 делегат ашық дауыс беру тәсілі арқылы аталмыш қызметке Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті бірауыздан таңдады. Партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед экс-төраға Әділбек Жақсыбековке атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, жаңа сайланған төрағаның жұмысына табыс тіледі.

Мұхтар Құл-Мұхаммед Әсет Исекешевті таныстыра отырып, елордамыздың Қазақстанның негізгі өндірістік орталықтарының бірі ретінде қалыптасқанын, дотациялық қаладан республикалық бюджеттің донор-аймағына айналғанын атап өтті. Астананың жалпы аймақтық өнімі қазірдің өзінде бір жарым триллион теңгеден асады. Шаһарда білім және медициналық кластерлер, локомотив жинау және вагон құрылысы кешендері, сондай-ақ Орталық Азия мен Сібірдегі ірі жаңа көлік-логистикалық орталығы құрылды.
 
Ескі қызметте инновацияларды тиімді пайдаланудан мол тәжірибесі бар Әсет Исекешев, әкім әрі партияның қалалық филиал төрағасының қызметінде де осы жұмысты жалғастырмақ. Жиында партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед «100 нақты қадам - ұлт жоспары» мен «Нұрлы жол» бағдарламаларын жүз пайыз жүзеге асыру керектігіне тоқталды. Бұл сала бойынша да партияға маңызды ревизиялық функция берілгенін атап өткен жөн. Мұхтар Құл-Мұхаммед Әсет Исекешевтің Президент тапсырмаларын тиімді орындайтынына сенім білдірді. Ал көптің қолдауымен тағы бір жауапты міндетті мойнына алған әкім астаналық филиалдың саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізді. Оның қатары өзі бастаған бірнеше жаңа мүшемен толықты.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ