Шығыс
Қазақстан облысында тас жолдар судың астында қалды. Бүгінгі таңда өңірде қауіп
күшейгені ескертілді. Толассыз жауған жауын-шашын мен күн райының күрт жылынуы
өзендердегі су деңгейінің көтерілуіне әкеп соқты. Қазіргі таңда аймақтағы ауа
температурасы кей жерлерде +20-ға жеткен.
Бүгін
Өскеменде Үлбі көпірінің астындағы тас жол жабылды. Өзен суының арнасынан
асқаны сонша, өткелдің біраз бөлігі судың астында қалды. Үлбі және Оба
өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты құтқарушылар тұрғындарды сақ
болуға шақырады. Әсіресе жағалауға жақын орналасқан елді мекендерді су шайып
кету қаупі бар. Әсіресе Зырянск, Шемонаиха, Катон-Қарағай аудандары мен Риддер
қаласы бақылауға алынды. Жағдайды толассыз жауған жауын күрделендіріп отыр.
Таудағы қар да еріп жатыр. Гидрологтар өзен деңгейін сағат сайын тексеруге
кіріскен.
Алексей Штыкель, ШҚО ТЖҚ ескерту бөлімінің басшысы:
Өңірде
41 су бекеті бар. Бәрінде дерлік судың деңгейін тексеру жұмыстары жүргізіліп
жатыр. Суға кету қаупі бар елді мекендерге сағат сайын мониторинг жүргізілуде.
Ағын су аз келеді деп жобаланған аудандардардан арнайы техника мен күш қауіпті
аумақтарға жұмылдырылып жатыр.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ