Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Астанада Инновациялық технологиялар колледжі жабылды

AstanaTV
07.07.2016ж. 20:00
3086
Астанада Инновациялық технологиялар колледжі жабылды

Астанада жабылған Инновациялық технологиялар колледждің тәлімгерлері басқа оқу орындарына ауыстырылады. Қалалық білім басқармасы оқуы жарты жолда үзілгендерге осындай уәде біріп отыр. Бұған дейін елордадағы аудармашылар, дизайнерлер мен мұнайшылар дайындайтын колледждің қызметі тоқтап, 300-ге тарта студенттің құжаты шұғыл таратылған еді. Тіпті алдын ала ескерту де жасалмаған. Тақырыпты тілшіміз Құралай Пионер тарқатады.

Бұл екі күннен бері Инновациялық технологиялар колледж директорымен кездесуге зар болған ата-аналар. Өйткені бір жетден бері олардың балалары білім алып жатқан мекеменің есігі жабылып, 300-ге тарта студент тентіреп қалды. Мән-жайды ашық түсіндіруге басшылық құлықсыз. Наразы топ жиналған ортаға осымен екінші рет директор келмей қалған.

Екатерина Моисеева, ата-ана:

Колледж жабылды, қайда барсаңдар, онда барыңдар, құжаттарыңды алып кетіңдер депті балаларға. Бір жеті бұрын ғана айтқан. Оған дейін ай қарап жүрді ме? Бір жыл бұрын ескерту керек қой, егер банкрот болса. Не істейміз, білмейміз!

Зибагүл Аяпбергенова, ата-ана:

Құрылтайшы да жоқ. Келеді деген осы жиналысқа. Тіпті директордың өзі де келмеді. Барып тұрған жауапсыздық. Балалардың тағдырымен ойнап отыр. Бар болғаны құжаттарыңызды береміз, ертерек орын тауып алыңдар дейді. Орын ұсынса да жақсы ғой. Ол да жоқ.

Жұрт колледждің лицензиясы жоқ, қаржылық қиындыққа тап болған деген сынды себептерді естіген. Бірақ ақпарды ресми растайтын колледж өкілі жоқ. Мұғалімдердің өздері де түсініксіз жағдайда қалғандарын айтады.

Не знаю. Есть учредитель, есть директор. Я такой же подчиненный!!!

Ал заңгерлер, жекеменшік колледж тәлімгерлерге ең болмағанда бір ай бұрын ескерту жасауы керек, деп отыр. 

Әсел Тоқаева, адвокат:

Бұл жерде колледждің студенттерін басқа білім ордасына ауыстыру шарасын қарастыруы керек шығар. Әрине, міндетті емес. Мына жерде әзірге келісімшарт бұзылмаған сияқты. Бірақ бәрібір колледж ең болмағанда бір ай бұрын студенттерге ескерту айтуы тиіс еді.

Мәселеге қатысты тек қалалық білім басқармасы ғана жауап берді. Қазір мамандар өзге колледждермен келісіп, студенттерге орын қарастырып жатқанын айтты.

Жанара Түребекова, Астана қалалық техникалық және кәсіби білім беру басқармасының бөлім меңгерушісі:

Инновациялық технологиялар колледжі - жекеменшіктегі мекеме. Құрылтайшысы 1 шілдеде енді жұмыс істемейтінін ескертті. Оған себеп - экономикалық жағдай. Студенттердің барлығы толық курстарды аяқтаған. Егер 2-3 курсты тәмамдаған болса, онда олар басқа оқу орындарына ауыстырылады. Жалпы 261 студент. 1 қыркүйекке дейін барлығын да орналастырамыз.

Жауаптылар орналастырамыз деп сендіргенімен, ата-аналар күдігі басым. Өйткені өзгесі болғанымен, Астанада мұнай-газ саласы бойынша маман әзірлейтін кәсіби білім ордасы жоқ екен. Демек, кей студенттердің Атырауға немесе Алматыға бауына тура келмек.

Құралай ПИОНЕР