Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Министрлік мұғалімдерге 30 млрд теңге қарыз

Министрлік мұғалімдерге 30 млрд теңге қарыз

Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге 30 млрд теңге қарыз болып қалған. Соның салдарынан, 300 мыңға жуық маман айлығын, еңбек демалысының ақысы мен емделу өтемақысын ала алмай жүр. 22 маусым күнгі мәжіліс отырысында депутат Юлия Кучинская осы мәселені көтеріп, Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың атына сауал жолдаған болатын. Ал ведомство өкілінің айтуынша, бұған қаржының жетіспеушілігі емес, әкімдіктердің бюджетті жоспарлауға салғырт қарауы себеп болып отыр. Өйткені бюджеттік кодекстің елу бесінші және елу алтыншы бабына сәйкес ұстаздардың барлық төлемдері жергілікті атқарушы биліктің құзырында. Бәрін бақылауда ұстап отырмыз деп сендірген вице-министр журналистерге осы мәселе туындап отырған аймақтар мен қазір қарыздың қанша пайызы өтелгенін айта алмады. Бірақ төлемдер осы апта ішінде толық түседі деп уәде берді.

Ғани БЕЙСЕМБАЕВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Кесте бойынша жуық арада, яғни, келесі аптаның басына дейін бітеді деп біз күтіп отырмыз. Бұл аймақтың бізге беріп отырған уәдесіне сәйкес. Барлық тиісті төлемдердің барлығын біз жуық арада төлеп бітеміз деп уәде беріп отыр. Яғни  расында бүгінгі күні де біз көріп отырмыз, мынау аймақтарда да берген уәдесін орындауға кірісіп отыр.


С. Селеубайұлы