Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қостанай облысында арнайы мал қорымдарын салу мәселесі көтерілді

AstanaTV
07.07.2016ж. 20:00
2820
Қостанай облысында арнайы мал қорымдарын салу мәселесі көтерілді

Тобыл өңіріндегі ауылдарда жануарлар өлекселері ашық-шашық жатыр. Бұл түрлі жұқпалы аурулардың көбеюіне әкеліп соғуы әбден мүмкін. Облыстағы ветеринария саласының өкілдері осылай дабыл қағып отыр. Қауіптің алдын-алу үшін аймақта арнайы полигондар салынуы тиіс. Оған қомақты қаржы қажет. Қазіргі таңда Қостанай облысындағы 600-ден астам елді мекеннің тең жартысында мал өлексесін көметін орын жоқ. Ал, арнайы жабдықталған 26 техниканың төңіректі түгел қамтуға қауқары жетпейді. Тобыл өңіріндегі төрт түліктің  барлығына сібір жарасына қарсы екпе жүргізілген. Бірақ, әр жерде қарасан, құтырма секілді аурулар қылаң беріп қалады. Әсіресе бруцеллездің беті қайтпай тұр. Биыл жұқпалы індетке шалдықты деген күдікпен 600-ден астам малдың өлексесі өртелген. Мамандар, арам өлген жануарларды шұңқырларға тастау - қауіпті, деп отыр.

Берікжан Қайыпбай, Қостанай облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

Созылмалы аурулардың қоздырғыштары малдың ағзасында жүре береді. Өзінің уақытын күтіп жатады. 29 ауылда типтік мал қорымдары тұр. Сосын 284-і жай қоршалған. Ал, қалғандары қалай болса солай жатқан шұңқырлар деп отырмыз ғой. Сол мәселені көтеріп жатырмыз әкімнің алдында. Әкім аудандарға тапсырма берсін деп.

Заңғар САНАЙ