$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Павлодарда екі адам суға батып кетті

AstanaTV
24.06.2022ж. 20:00
1520
Павлодарда екі адам суға батып кетті

Павлодар облысында балаларды құтқармақ болған екі ер адам суға батып кетті. Оқиға Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылында болған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Куәгерлердің айтуынша, 1978 жылы және 1986 жылы туған Қарағанды облысының екі тұрғыны балаларын құтқару кезінде суға батып кеткен.Ал  балалар жедел жәрдем көлігімен Баянауыл ауылындағы облыстық ауруханаға жеткізілді, жағдайлары тұрақты.  

Ә. Дүкембаева