$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Алматы облысының Қызылқайрат ауылында жол, су, жарық, мектеп, балабақша да жоқ

AstanaTV
24.06.2022ж. 20:00
2875
Алматы облысының Қызылқайрат ауылында жол, су, жарық, мектеп, балабақша да жоқ

Алматы облысының Қызылқайрат ауылында не жол, не жарық, тіпті, мектеп пен балабақша жоқ. Жанға батқан жайларды жергілікті билікке қанша айтсақ та, мәселе шешімін таппай келеді дейді тұрғындар. Ал бұған құзырлылар не дейді? Асем Лесбек тарқатады.

Қызылқайрат ауылында жол жоқ,  жарық мардымсыз.  Оның зардабын әсіресе балаларымыз тартуда дейді, жұрт. Ғаламтордың игілігін көре алмаған жеткіншектер өркениет көшінен қалып қоя ма деп алаңдайды.

Дина ЖАЙНАҚБАЕВА, ҚЫЗЫЛҚАЙРАТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жолымызды жасап берсін, светімізді үкіметке өткізіп берсін. Біз светті үкіметке төлеп жатырмыз ғой. Төлеп жатырмыз ғой. Ай сайынғы ақшамызды бір күн кем қылмай светімізді төлейміз. Сонда үкімет ол ақшаны қайда жіберіп  жатыр. Менің светімді кеп жалғап бермесе, үзіліп қалған жерге жауап бермесе.
 
Айжан ҚОРҒАСБЕКОВА, ҚЫЗЫЛҚАЙРАТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Бес жылдан бері міне осы жол, осы жер. Суымыз да осы. Осы көктемде балам ауырды. 1 жастағы балам қатты ауырып 39 температурамен болды. Мен скорая шақыра алмаймын, батпақ пен жерден. Бізге жол жасап берсе болды.  
 
Тұрғындары дүрлігіп жатқан ауылда 8000 нан астам халық тұрады. Осы ой-шұңқыры көп жолдың кесірінен  көлігіміз талай бұзылып, қиналдық дейді, олар.
 
Гүлдәрия КЕНЖЕБАЕВА, ҚЫЗЫЛҚАЙРАТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Мына жерде 1 рет құладым. Аяғым тайып кетті. Екінші үшінші мәрте тайғанда ауырып қалды. Осы жолдың тауқыметімен осылай отырмын.  И свет үйде де қайта-қайта өшіп қала береді.  
 
Ашулы топ мәселемізді қағазға түсіріп әкімнің қолына ұстаттық дейді. Бірақ шенділерден жауап болмаған. Ал шенеуніктер  бұл проблемалардан хабардар екенін айтты.
 
Азамат СЕЙІТОВ, ТАЛҒАР АУДАНЫ АЛАТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ:
 
Биылғы жылға 125 млн теңге бөлінген. Жол жасағанға. Сол 125 млнның осы Қызыл Қайрат ауылында 3 көше, Хасанов көшесі  940 мтер, Жаханов көшесі. Ал мынадай  жаңа құрылыс көшелеріне бюджеттік өтінім бердік. Ауданға ПГС төсенгенге. Жол бойынша. Свет бойынша тоқталып кетсек светке де қазіргі таңда жаңа құрылыстың бәріне жобалық смета жасағанға ақша сұралып жатыр.
 
Бұл жауап осыған дейін талай уәдеге сенген халықты қанағаттандырмады. Олар жауаптылардың сөзден іске көшуін талап етеді.  

Ә. Лесбек