$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Ерлан Қошанов Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының ХІ пленарлық отырысына қатысты

AstanaTV
24.06.2022ж. 20:00
2406
Ерлан Қошанов Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының ХІ пленарлық отырысына қатысты

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының ХІ пленарлық отырысына қатысты. Шара бауырлас қырғыз елінің Чолпан-Ата қаласында «Парламенттік дипломатия – сенім мен әріптестіктің негізі» атауымен өтті. Мәжіліс Спикері төрағалық кезеңде атқарылған жұмыс түркі елдерінің бірлігін бекемдеп, ТүркіПА-ның беделін арттыруға бағытталғанын айтты. Пленарлық отырыста Түркі ынтымақтастығын дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылды.  Ұйымның 2028 жылға дейінгі стратегиялық жоспары мақұлданды. Бірлестікке мүше елдердің ұлттық заңнамаларын жақындастыруға бағытталған әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша да модельдік заң қабылданды. Ол Қазақстан Парламентінің бастамасымен әзірленген.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Біз, парламентарийлер, мемлекет басшыларымыздың бастамасына сәйкес ТүркПА-ның да атауын «Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы» – деп өзгерткелі отырмыз. Бұл ребрендинг, бұл жаңару біздің Ассамблеяның  жаңа форматта жан-жақты дамуына ықпал етері сөзсіз. Біздің мүддеміз ортақ. Басты мақсатымыз Еуразия кеңістігінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтай отырып, мызғымас берік байланыстарды дамыту.

А. Шамшидин