$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

AstanaTV
24.06.2022ж. 20:00
2687
Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Елордада еңбегімен дараланған бірқатар мемлекеттік қызметшіге кәсіби мерекеге орай құрмет көрсетілді. Мерейлі кеште мәртебесі артқан мамандарды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Мемлекеттік қызметтің беделін нығайтып, мәртебелі қызметтің миссиясын тиянақты атқарып, сала мамандарының болмысын насихаттауға қосқан үлестеріне алғыс айтты.

Дархан ЖАЗЫҚБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл іс-шараны өткізіп отырған себебіміз біріншіден ұрпақтар сабақтастығы. Себебі бүгін ардагерлер кеңесінің мүшелері келді, төрағасы келді. Сонымен қатар Президенттің жастар кадрлық резервінің мүшелері келді. Доктаранттарымыз бен магистранттарымыз бар. Бұның барлығы мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру, мемлекеттік қызметшілердің болмысын қалыптастыру мақсатында жасалып жатқан жұмыстар.

Шарада «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» және «Жылдың үздік сапалы қызмет көрсетушісі» конкурстарының жеңімпаздары да марапатталды. 700-ден аса қызметкердің кәсіби дағдысы мен біліктілік дейгейі сараланған сында 10   маман үздік деп танылған.

Айнагүл КӨҢБАЙҚЫЗЫ, «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:


Жетістік болғанда өзіме артылған үлкен жауапкершілігімді одан әрі ұлғайтып отырмын деп ойлаймын. Біздің міндет елге қазмет ету, халыққа қызмет ету. Мемлекеттік қызметші дегенді халықтың қызметшісі деп балама ауыстыруымызға болады. Өйткені бзі халықтың қызметшісіміз. Қалтқысыз халыққа қызмет етуге, адал қызмет етуге, абыроймен қызмет етуге әрдайым дайынбыз.  

Шара аясында көпшілік алдында сөйлеу, имиджмейкинг, әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша семинар-тренингтер мен жоғары лауазымды мемлекеттік қызметшілердің қалыптасуы туралы әңгіме-сессиялар ұйымдастырылды. Бұған қоса, мемлекеттік қызметшілердің интеллектуалдық білімін шыңдау мақсатында Мемлекеттік органдар арасында алғаш рет «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» ойыны өткізілді.

Ә. Бердібеков