$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Қызылжарда мүмкіндігі шектеулі азамат өзіне велосипед-арба жасап алды

AstanaTV
24.06.2022ж. 20:00
1202
Қызылжарда мүмкіндігі шектеулі азамат өзіне велосипед-арба жасап алды

Қызылжарда мүмкіндігі шектеулі азамат велосипед-арба жасап шығарған. Айрықша көліктің теріскейде теңдесі жоқ. Арба өзінің жылдамдығымен және ыңғайлығымен ерекшеленеді.  

Велоарбаны істеуге шебер бір апта кеткенін айтады.  Бұл Руслан Шариевтың алғашқы жұмысы  емес. Осыған дейін ол аяққа тез киілетін және бастысы - суланбайтын протез ойлап тапқан. Қазір бірінші топтағы мүгедек цех ашып, кәсібін дөңгелетуді көздеп отыр.

Рустам ШАРИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Арбаның қалай жасалатынын теледидардан көрдім. Оны қалай істеуге болады, детальдардың қайсысы қай жерге келеді, барлығын қарап алдым, керек-жабдықтарды сатып алдым. Содан соң, өзіме осындай мүгедектік арбасын жасап алдым. Қазір жол талғамай жүремін.

А. Құрманкин