Шығыс Қазақстан облысында контрабандалық жолмен пайда таппақ болғандарға жаза кесілді. Өзара сөз байласып, ұйымдасқандар былтыр қолға түскен еді. Олар ұрлау, бопсалау, алтын ұрлау және оны Қазақстаннан тыс жерге контрабандалық жолмен шығару істері бойынша күдікке іліккен. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Қазақстанның бірнеше қаласында ірі қылмыстық істерге қатысы бар бірнеше адамды ұстаған. Бүгін олардың 14-іне үкім кесті.
Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:
Елде Алтын ұрлап кантрабандамен айналысқандардың 14-і ұсталып, ұйымдастырған топтың азаматтары қашып үлгерген. Қазір олар халықаралық іздеуде.
Қамауға алынғандар бойынша 6 қаңтардан бастап жарты жылға созылған қылмыстық істің шешімі бүгін шықты. 20 эпизод бойынша ұрлықпен тасымалданған алтыннан мемлекетке келген шығын миллиардтардан асады.
Қанат ТОБАҒАЛИҰЛЫ, НҰР-СҰЛТАН қ. ЕСІЛ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
20 эпизот контрабанда алтынды шығару бойынша болғанда. 1 эпизод бойынша алдында қаулыда оқып кеттік қой, сонда мемлекеттік айыптаушы істен бас тартты. Соған байланысты сот бірінші эпизотпен істі тоқтатты. Ал 19 эпизод бойынша сотталушылардың қатыстығы дәлелденді.
Сот шешімі бойынша бүгін 3 азамат 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның бірі түрік азаматы.
Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:
Қалған 9 күдікті 1 эпизод бойынша қылмыстары дәлелденбегендіктен ақталып, ауыр жаза, жеңіліне ауыстырылды. Осылайша, 6-ауының қылмыстық жазасы 1,5 жылға, 3-еуіның жазасы кінәләрін мойндағандықтан 1 жылға қысқарды.
А. Базарбай