$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ұлттық құрылтай – дала демократиясының жарқын көрінісі

AstanaTV
27.06.2022ж. 20:00
1100
Ұлттық құрылтай – дала демократиясының жарқын көрінісі

Ел тыныштығы, территориямыздың тұтастығы, халқымыздың әл-ауқаты сынды өзекті мәселелердің шешілуіне құрылтай себепкер болуы тиіс.  Алдағы алқалы жиын құрамына күрмеуі шешілмеген мәселелерге қатысы бар адамдар енеді. Бұл жайында «AMANAT» партиясы жанындағы «Miras» республикалық кеңесінде сөз етілді. Айта кетейік, Мемлекет басшысының шешімімен құрылтай құрамына 117 адам кірді. Тізімдегі азаматтар жыл сайын өзгеріп отырады. Құрылтайға аймақтық, облыстық  кеңестен өкілдер қатысады. Бұл жергілікті жердегі түйткілді мәселенің көтерілуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, отандық телеарналарда айына бір рет «Құрылтай» деп аталатын арнайы жоба ұйымдастырылмақ.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ:

Жаңа Қазақстанның міндеті ашық, азаматтық қоғам құру. Әділетті мемлекет орнату. Демократиялық үдерістерді жүргізу. Халық өкілдерінен құрылған құрылтайдың өзі де ашық қоғамды дамытуға үлкен үлес қосады деп есептейді деп ойлаймыз.


Сондай-ақ, «Құрылтай» мобильді қосымшасы биыл күзде іске қосылады. Онда әр азамат өз ұсынысын білдіріп, толғандырған мәселелерді жолдауға мүмкіндік қарастырылған. Қазір қосымшаны мамандар жан жақты толықтырып, ақпаратты қорғау мәселесімен айнысуда.

Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл мобильді қосымша арқылы өздеріңіз eGov жүйесін пайдаланғандай, немесе банктік жүйелер де сияқты сол мобильді қосымша арқылы ұсыныстарыңызды құрылтайға жолдап, мәселелеріңізді айтып отыруға мүмкіндік бар. Әрине оны қорғау, қауіпсіздік шаралары да қарастырылған.  


А. Шамшидин