$498.34 €519.72 ₽4.85
×

ТЖД Алматы тұрғындарына ескерту жасады

AstanaTV
27.06.2022ж. 20:00
1240
ТЖД Алматы тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін Алматыда сынап бағанасы 36 градусқа дейін көтерілді. Синоптиктер мұндай температура алдағы 3 күнге созылатынын болжайды. Осыған орай, төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарға дабылды ескерту жасады. Қала тұрғындарын күн сәулесінен қорғануға шақырды. Атап ыстық кей адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізетінін атап өтіп, сақ болуды сұрайды.

Гүлдана НҰРЫМБЕТОВА, АЛМАТЫ қ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
 
Бүгін күндіз температура бағанасы 36 градусқа дейін жететіні туралы дауылды ескерту жарияланды. Осы себептен қала тұрғындары мен қонақтарынан себепсіз серуендеуге, далаға шықпауға сұраймыз. Егер критикалық жағдайлар болса, 103, 112, 109 қызметіне хабарлауды сұраймын.

Дәрігерлер де әсіресе жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдар үшін бұл күндері үйде отыру абзал,- дейді. Артериялық гипертониямен ауыратын адамдар қан қысымын үнемі қадағалап, қажетті дәрі – дәрмектерін қабылдап отыруы керек. Далаға шыққанда міндетті түрде бас киім кию қажет дейді,- ақ халаттылар.

Аспан ӘБДУХАЛЫҚОВ, ДӘРІГЕР:

Күннің күрт ысуына байланысты жүрек – қан тамырларынан басқа да аллергиялық аурулар туындайды, одан бөлек ішек инфекциялары. Солардың алдын алу үшін уақтылы түрде дәрігерге қаралып, тексерістен өтіп отыру керек. Көп кісілер кондиционер дейді, мұзды су ішеді. Соның кесірінен ангина, гайморит, менингит ауруларына әкеп соғады. Оларды шектеуге өтініш білдіремін.


"Қазгидромет" орталығы алдағы күндері ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді деп хабарлады. Солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлеріне ауысады. Нәтижесінде аталған өңірлерде жаңбыр жауады. 29 маусымда солтүстік өңірлерде, 30 маусымда шығыста қатты жаңбыр, сондай-ақ бұршақ, желдің күшеюін және ауа температурасының сәл төмендеуі күтіледі.

М. Жақан