$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда көлік өртеніп, бір адам тірідей жанып кетті

AstanaTV
28.06.2022ж. 20:00
958
Павлодарда көлік өртеніп, бір адам тірідей жанып кетті

Павлодарда көлік өртеніп, бір адам тірідей жанып кетті. Оқыс оқиға «Павлодар-Қызылорда» тас жолының 25 шақырымында болған. "TOYOTA CAМRY" автокөлігінің жүргізушісі алдында келе жатқан "КамАЗ" жүк көлігіне соғылған. Салдарынан жеңіл көлік өртке оранып, 36 жастағы жолаушысы көлік ішінде жанып кеткен. Оның денесін өрт сөндірушілер тапқан. Әзірге бұл адамның түрі тұлғасы анықталмай жатыр. Көлік жүргізушісі жол апаты кезінде тек бір жолаушыны ғана сыртқа шығарып үлгерген. Ал көліктің сау тамтығы қалмай өртеніп кетіпті. Әзірге жол апатына кімнің кінәлі екені белгісіз. Аталған дерек бойынша полиция іс қозғады.  Апатқа кінәлі адам 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жасқайрат ҚАЙЫРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-і бабы бойынша сотқа дейінгі терегу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

Жол апатынан жарақат алған 35 жастағы жүргізуші мен 23 жастағы жолаушы қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр - деп бағалап отыр. Көлік жүргізушісінің оң жақ жамбасы мен бас сүйегі сынған. Қазір ол арнайы бөлімге ауыстырылды. Екінші науқас жансақтау бөлімінде жатыр.  

Дархан МҮСЛИМАНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ №1 АУРУХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Жағдайы бір қалыпты. Бас сүйек жарақаты. Миы қатты шайқалған. Жақ сүйегі және мұрын сүйектері сынған. Қазіргі таңда жағдай бір қалыпты. Қарқынды емдеу жалғасуда.  Қазіргі таңда науқастардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Ө. Қуанар