Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қызылордада 20 млн. теңгеге салынған жол бұзылып, қайта салынды

AstanaTV
28.06.2022ж. 20:00
873
Қызылордада 20 млн. теңгеге салынған жол бұзылып, қайта салынды

Қызылордада  20 млн. теңгеге салынған  ауыл, қала ішілік және республикалық маңызы бар жол бұзылып, қайта салынды. Себебі асфальт, бетон жабындыларын төсеу барысында мердігер компания құрылыс нормаларын сақтамаған. Жолдың сапасыздығына  жұрт та наразы.  

БЛИЦ:

- Кейбір жолдардың сапасына көңілім толмайды. Сапалы жасалса КАМаз жүрсе де, ойылмау керек қой. Қалың қылып төсесе асфальтты. Жұқалау болады ғой өзі де.

- Сапасы нашар асфальттардың. Қосатынын дұрыс қоспайды. Смоласын аз мөлшерде қосады. Құм көп қосып жібереді кейде. Осындайдан ғой, шұңқырдан қашамын деп, бір-біріне соғысып жатқандар болады.

- Ойылып жатыр, я, асты дұрыс емес. Қардың үстіне сала салды. Ойылып жатыр біраз жер. Ондай қатты көңілім толмайды.


Облыстық жол активтері ұлттық сапа орталығы жыл басынан бері 60-қа жуық нысанға 170  тексеру жүргізген. Соның нәтижесінде, 200-ге жуық кемшілік анықталыпты. Соған сай, құзырлы мекемелерге хат жолданып,  мердігерлер жолды қайта салған.  Мамандар "бұл олқылықтар  техникалық қадағалаушының салғырттығынан болды" дейді. Былтыр   2 мекемеге 1 млн.теңгеден астам айыппұл салынып, лицензиясы 6 айға  тоқтатылған.

Ержан ОСМАНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛ АКТИВТЕРІ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Мұндай кемшіліктердің барлығы техникалық қадағалаушы дұрыс жұмыс жасамағанынан болады. Қазіргі кезде техникалық қадағалаушы мекемесі  1 техинкалық қадағалаушыны бірнеше нысанға қойып қояды. Бұйрықпен бекітіп. Соған байланысты әрқайсысына жүріп, қадағалап үлгермейді. Сол себепті осындай кемшіліктер көп пайда болып жатыр.


М. Тоқтасынқызы