$521.9 €593.5 ₽6.39
×

«Астана» арнасы журналистерінің бір күндік жұмыс күні қалай өтеді?

AstanaTV
28.06.2022ж. 20:00
2200
«Астана» арнасы журналистерінің бір күндік жұмыс күні қалай өтеді?

Бүгін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осыған орай, «Астана» арнасы өз көрермендеріне бір күндік жұмыс күнін көрсетуді ұйғарды. Журналистің қаруы факт және экран. Олардың міндеті - көрерменге шынайы ақпаратты жеткізу. Тіршілік тілшіліктің қыр-сыры, біздің арнаның ішкі асханасы туралы әріптесім Әсем Лесбек баяндайды.

Ньюс-рум. Телевизиядағы ең маңызды жер. Мұнда журналистер отандық және шетелдік ақпараттарды дайындайды. Ал қаз-қатар тізілген камералармен сіз көріп отырған кадрлар түсіріледі.
 
Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Бейненің сапалы әрі сәтті шығуы кадр сыртындағы оператордың еңбегі. Ауыр салмақты техниканы көтеріп, ұрымтал тұсты қалт жібермеуге тырысатын олардың жұмысы құнды. Міне тарихты таспаға түсіріп жүретін сондай жанның бірі қазір стендап жазып тұр. Өзінен сұрасақ, Қанат аға жұмысыңыз өзіңізге қаншалықты ұнайды?
 
Түсірілімнен келгесін мейлінше жылдам, нақты сапалы жазу қажет. Ал, мәтін мына шығарушы редакторлардың сүзгісінен кейін ғана бекітіледі. Кейін оны монтаждау қалады. Сағаттап түсірген видео ықшамдалып, бар-жоғы екі үш минуттың ішіне сыйып кетеді.
 
Мәулен ҚАЛИЕВ, БЕЙНЕИНЖЕНЕР:

 
Оператор міне мынандай флешкаға бейнематериалды түсіріп әкеліп береді. Біз оны компьютерге құйып ары-қарай жұмысымызды атқарамыз. Журналист бізге текст әкеліп бергеннен кейін сол текстке қарап берген сұқбаттың бас-аяғын реттеп, оқылған мәтінді қойып, оның үстін керекті кадрлармен жауап яғни бір сөзбен айтқанда біз кәмпиттің сыртындағы фантигін орап дайын түрде эфирге жібереміз.
 
Яғни эфир соңғы аялдама. Бұл жақтың қожайыны-режиссер. Кадр сыртындағы қызметкерлердің еңбегі ерен. Сіз көріп отырған жаңалық барысының жүрек қағысын қадағалайтын осы қызметкерлер.
 
Сюжет даярлау барысында тілшілер талай қиыншылықтар мен қызықтарға кезігеді.

Журналистер жәдел-жәрдем я өрт сөндіру қызметкерлеріндей. Оқыс оқиға орнына ойланбай оқтай атылады.
 
Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:
 
Осылайша ақпарат майданында тілші болу сіз ойлағандай оңай емес. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін салаға, көлденең көк аттылар келе бермейді.  Елдің мұңын арқалап, қуанышын хабарлайтын әріптестердің еңбегі ерен. Мейрам құтты болсын!

Ә. Лесбек