$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Журналистерге арнайы мәртебе беріле ме?

AstanaTV
28.06.2022ж. 20:00
867
Журналистерге арнайы мәртебе беріле ме?

Журналистерге арнайы мәртебе беріле ме? Бұл сауалға ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров жауап берді. Оның айтуынша, қазір Президент тапсырмасына орай БАҚ өкілдеріне байланысты заң жобасы қайта қаралуда.  

Асқар ОМАРОВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Біз журналисті кім деп санаймыз, мысалы. Редакцияда жұмыс істейтін адам ба, әлде дипломы бар адам ба? Мен онда бірнеше рет түсіндіргем. Нақты ол журналистің мәртебесіне байланысты. Ол журналстің мәртебесі болады ма, болмайды ма жұмыс тобында қызу талқылау болып жатыр. Меніңше журналистің мәртебесі керек.

Ал, Үкімет басшысы мемлекеттік органдардың ресми өкілдері мен баспасөз хатшылары ақпарат берудің жаңа форматына көшу керек деді. Анықтамалық материалдарды уақытылы ұсынған жағдайда ғана, қоғам игі істердің қалай жасалып жатқанын көре алады деп қосты. Құрғақ жазылған пресс-релиздерді таратумен шектеліп қалуға болмайтынын ескертті. Сонымен қатар әлеуметтік желіде белсенді болуға, көпшілікті сауалдарына жауап беру қажеттілігіне тоқталды. Ақпарат министрінің мәліметінше ел ішінде 5 мыңнан астам БАҚ ресми тіркелген. Оның 900-ге жуығы орыс тілінде ақпарат таратса, 700-ге жуығы қазақ тілінде. Ал қалғандары үш тілде жаңалық таратады.

Б. Сатуов