$523.58 €549.71 ₽5.01
×

«Қазақстанда жасалған» тауарлар ғана сатылатын дүкендер көбеюі тиіс

AstanaTV
08.07.2016ж. 20:00
4638
«Қазақстанда жасалған» тауарлар ғана сатылатын дүкендер көбеюі тиіс

Астанада отандық киім-кешекке сұраныс артты. «Универмаг.kz» жобасы аясының жетекшісі осылай деп отыр. Жарты жыл бұрын ашылған дүкенде тек қана «Қазақстанда жасалған» сауда белгісі бар тауарлар сатылады. Сауда орталығында бизнес қарқын алып, ұлттық брендтер қатары 35-ке жеткен. Мұнда балалар ойыншығынан бастап, аяқ киім, текстиль, трикотажға дейін өзіміздікі. Отандық өнімнің сапасы мен бағасы қалай? Құралай Пионер біліп қайтты. 

«Қазақстанда жасалған!» - дәл осындай белгі мына дүкендегі әрбір тауарда бар. Балалар ойыншығынан бастап, аяқ киім, көйлек, тіпті сыртқы күртешелерге дейін. Ең басытысы - өнімнің сапасы сын көтеретіндей. 

Ғайния Құсайынова, «Универмаг.KZ» жобасының жетекшісі:

«Универмаг.kz» дүкені мемлекетің қолдаумен ашылған. Мұнда отандық өндірушілердің ғана тауарлары сатылады. 6 айдың ішінде аяқ алысымыз да жаман емес. Сұраныс та бар. Әсіресе, текстиль, балалар мен сырт киім жақсы өтеді. Дүкенді іздеп келетіндер де көп. Арасында жәрмеңкелер мен көрмелерге де шығып, брендтерді таныстырып тұрамыз. 

Бренд демекші, мұнда дизайнерлік киімдерді де кездестіруге болады. Бастапқыда сөреде санаулы ғана отандық тауар тұрса, енді оның қатары 35 сауда белгісіне жетіпті. Бағасы да сарапталып қойылған. Яғни қол жетімді.

Во время сезона весна-осень у нас большим спросом пользуется пальто. К примеру, пальто город Алматы производит. Цена - 23 тысячи. Очень доступное. 

Алматыдан бөлек, Павлодар мен Қарағандыдағы аяқ киім шығарушы зауыттың да тауарлары қойылған. Ал балалар мен текстиль өнімдері Астананың бренді екен. 

100 процентный хлопок. Не линяет и цвет не отходит.

Қала тұрғыны Жәнібек Сәрсембаев - әмбебап дүкенге тұрақты келушілердің бірі. Бүгін үстіне сырт киім іздей келген жайы бар. Патриот жігіт өзгенің саудасын қыздырғанша, отандық сұранысты аттыруды қалайды. Оған көпшілікті де қосылуға шақырады.

Жәнібек Сәрсембаев, тұтынушы:

Бұл жерде үлкен жауапкершілік тұтынушыға міндеттелуі керек. Себебі отандық өндірушілерді қолдау керек. Егер біз болмасақ, кім? Қашанғы Қытай мен Ресейге иек артып, солардың саудасын дамытып отыруымыз керек. Өзіміз де оларда кем жасамаймыз. Тек жалқау болмау керек. Өткенде қазақ нақышында жасалған белбеу алдым. Өте ұнады.

«Қазақстанда жасалған!» жобасын қолға алғандар мұндай дүкендердің өзге аймақтарда да ашылуын қалайды. Оны мемлекет те қолдауға әзір екен.

Құралай ПИОНЕР