Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Түркістан облысында өгей әке 25 жылға сотталды

AstanaTV
30.06.2022ж. 20:00
1941
Түркістан облысында өгей әке 25 жылға сотталды

Түркістан облысында 8 жастағы қызын зорлады деп қамалған өгей әкеге үкім шықты. Аса ауыр қылмысы үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім кезінде белгілі болғанындай, сотта 39 жастағы сотталушы өз қылмысын  ішінара ғана мойындаған. Істі қараған облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, 2019 жылдың қаңтарынан бері сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасап келген өгей әке тек соңғы қылмысын ғана растапты. Яғни үйде әйелі жоқтығын пайдаланып, бүлдіршінді зорлап, денсаулығына зақым келтірген.

Дәурен МАДАЛИЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Аталған тұлғаның кінәсі толық іс материалдарымен дәлелденген. Нәтижесінде сот оны Қылмыстық кодекстің 120 бабы 4 – бөлігімен және 121  бабы 4-ші бөлігімен кінәлі деп танып, жалпы 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тағайындаған. Сонымен қатар сот психиатриялық сараптама қорытындысына сай сотталушы «педафилия» ауруымен ауырғандықтан сот оған химиялық кастрация түріндегі медициналық емдеу тағайындаған.

Сотталушы жазасын қауіпсіздігі барынша қатаң мекемеде өтейді. Судья сондай-ақ, бұған дейін анасы айтқандай, кішкентай қыздың «жатыры алынып тасталған» деген мәселеге де жауап берді. Оның дерегінше, қызға екі рет операция жасалғанмен ешқандай органы алынбаған көрінеді. Бірақ дәл осы мәселеге келгенде көңілі орнына түспеген жәбірленуші тарап 8 жасар қызды УЗИге түсіріп көз жеткізбекші. Еске салайық, бұл қылмыс 23-ақпан күні қызы қансырағанда анасы кездейсоқ білген.

А. Төребекқызы