$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Биыл Маңғыстауда мал шаруашылығы субсидиясына 580 млн теңге тартылған,- Н.Ноғаев

AstanaTV
30.06.2022ж. 20:00
1090
Биыл Маңғыстауда мал шаруашылығы субсидиясына 580 млн теңге тартылған,- Н.Ноғаев

Биыл Маңғыстауда мал шаруашылығы субсидиясына 580 млн теңге тартылған. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев  мәлімдеді. Оның айтуынша қаржының басым бөлігі мал азығын арзандатуға жұмсалады.  

Былтыр өңірде қалыптасқан ауа-райының қолайсыздығына байланысты қуаңшылық орнап, төрт түлікке жем-шөп жеткізуде қиындық болғаны белгілі. Сондықтан да биыл өңір атқамінерлері  3 ірі жобаны қолға алған.  

Нұрлан НОҒАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біз өткенде болған мәселелерді ескере отырып көпжылдық азық-түлік, көпжылдық өсімдіктерді дайындау бағытында 3 иновациялық жобаны жүзеге асырып жатырмыз.

Сондай-ақ, өңір басшысының айтуынша, Үкімет те бұл мәселеге бей-жай қарап отырған жоқ. Әсіресе мал шаруашылығын дамытуға үлкен қолдау көрсетіп отыр деді.

Нұрлан НОҒАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға 580 млн теңге бөлінді. Соның ішінде жемнің құнын төмендету үшін 180 млн теңге 101 шаруа қожалығына берілді. Бұлда үлкен қомақты қолдау.

Сонымен қатар аймақ басшысы өңір тұрғындарын ауыз сумен  қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отырғанын жасырмады. Сол себепті бұл бағытта 2025 жылға дейін арнайы жобалар қарастырылып отырғанын жеткізді.

Нұрлан НОҒАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мемлекет басшысыда тапсырма берген болатын ең бірінші шешілетін мәселелердің бірі осы деп.Біз бұны шешу үшін 9 жобаны жүзеге асырып жатырмыз.Бұл тәулігіне 286 мың текше метр су дайындауға мүмкіншілік береді.


Сонымен қатар өңірдің тартымдылығын арттыру бағытында да қарқынды жұмыстар қолға алынған. Биыл жалпы құны 120 млрд теңгеден астам 22 инвестициялық жобаны жүзеге асырылуда. Демек 1200 жұмыс орнын ашу жоспарда бар. Айта кетейік, қазір аймаққа туристердің келуі біршама артқан. Өңір басшысы бұған көрсеткіштің өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға өскенін дәлел етті.

Б. Сатуов