«НАТО-ның
Балтық елдері мен Польшаға қойған 4 әскери батальонына қатысты Ресейдің
алаңдауы негізсіз». Солтүстік-атлантикалық альянстың бас хатшысы Йенс
Столтенберг осындай пікірде. Бұл жөнінде Рейтерс хабарлайды.
Айта
өтейік, бүгін Варшавада НАТО саммиті жұмысын бастады. Йенс Столтенберг ұйым
Ресеймен қарым-қатынасты бұзғысы келмейтінін бірнеше қайтара айтты. Еске
салсақ, маусым айында НАТО ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлері Латвия,
Литва, Эстония мен Польшада әскери батальондарды орналастыруға келіскен. Алайда
Ресей бұған үзілді-кесілді қарсы шықты. Ресми Мәскеу бұл қадам Еуропа
континентінде суық соғыстың бастауына себеп болады деген мәлімдеме жасады.
Ләйлә
ҚАЗИАҚПАРОВА