$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Қызылжарда бес мыңнан астам адам көлік салығын төлеуден жалтарып жүр

AstanaTV
01.07.2022ж. 20:00
1283
Қызылжарда бес мыңнан астам адам көлік салығын төлеуден жалтарып жүр

Қызылжарда бес мыңнан астам адам көлік салығын төлемей жүр.  Қала бюджеті 250 миллион теңгеден қағылып отыр. Төлемдерді өндіріп алу үшін құзырлы орган өкілдері шаһар көшелеріне шығып, рейд жүргізуде.  Сала мамандары ең бірінші   Тайота лэнд крузер көлігін тоқтатты.  Темір тұлпар иесінің қарызы 300 мың теңгеден асып кеткен. Қара тізімге енген көліктер   айыппұл тұрағына қойылады.  

КӨЛІК ИЕСІ:

Уақытша қаржылық қиындыққа тап болдым.  Енді құзырлы орган өкілдері көлігімді алып кеткісі келіп тұр. Сондықтан бір аптаның ішінде  ақша тауып, темір тұлпарымды алып кетуім керек.

Айбек ЖАМБЕТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Біз қарызы 30 мың теңгеден асқан көлік жүргізушілерін іздеп жүрміз. Қарызы толық өтелмейінше олар айыппұл тұрағынан шықпайды. Жалпы тәжірибеге сүйенсек, қазір қарызы барлардың негізгі бөлігі келесі жылы қайтадан салықтан жалтарады. Сондықтан біз мұндай рейд шараларын жыл сайын ұйымдастырып отырамыз.

А. Құрманкин