Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Алматы қаласы сары аймаққа кірді

AstanaTV
04.07.2022ж. 20:00
1484
Алматы қаласы сары аймаққа кірді

Алматы қаласы коронавирустың таралуы бойынша сары аймаққа кірді. Осыған байланысты ведмоствоаралық комиссия сары аймаққа кірген қалаларға жаңа шектеулер енгізді. Ол- науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандар мен індетке қарсы екпе салдыруға болмайтын қызметкерлер және жүкті әйелдер қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшу. Жабық жерлер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде бет-перде тағу. 10-нан аса адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматқа ауыстыру. Өткен тәулікте 158 адам коронавирус жұқтырды. Көрсеткіш  Елорда мен Алматыда жоғары. Нұр-Сұлтан қаласында -35, Алматыда -88 адамнан қауіпті вирус анықталды.  

Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сары аймаққа кіруге байланысты мвка-ның нақты шешімдері бар. Берілген ұсыныстар мен шектеулер де болады. Сондықтан соның бәрін азаматтар ескеру керек. Ашығын айтқанда маскалық режимді қайтадан ойлауымыз керек, киюі керек азаматтар, сақтануы керек.

Б. Сатуов