Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Шымкентте пәтер кілті тапсырылып, жолдар ашылды

AstanaTV
04.07.2022ж. 20:00
1162
Шымкентте пәтер кілті тапсырылып, жолдар ашылды

Шымкентте бүгін тоқсан отбасы баспаналы болды. «Тұран» және «Нұрсәт» шағын аудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында кезекте тұрған азаматтарға сатып алу құқығынсыз берілді.   

Биыл шаһарда 1 605 отбасыны әлеуметтік баспанамен қамту жоспарланған. Қазір арендалық 20 тұрғын үй салынып жатыр.   Салтанатты түрде табысталып жатқан баспаналар - әлеуметтік пәтерлер. «Тұран» және «Нұрсат» шағын аудандарынан   берілген 90 пәтердің  37-сі көпбалалы отбасыларға бұйырды.

Күләйім ЖАППАРҚҰЛОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Ең бастысы бұл пәтерден пәтерге жүргеннен гөрі өзіміздің баспанамыз. Бүгін өте қуанып тұрмыз. Сабыр түбі сары алтын демекші бүгін міне қуанышты бүгінгі күнге жетіп отырмыз.

Мегаполисте жол құрылысы да қарқынды. Бүгін Адырбеков көшесінің  Жібек жолы көшесінен Ілияев көшесіне дейінгі аралығы ашылды. Ұзындығы төрт шақырымға жуықтайтын жол екі есе кеңейтілуде.  Мұндағы қайта құру жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталады. Қалада биыл 310 шақырым жолға орташа және күрделі жөндеу жүріп жатыр.
   
Мұрат ӘЙТЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Ең бастысы күштің бәрін біз елдімекендерге беріп жатырмыз. Шағын елдімекендерге. Жыл бойы жасалмаған, ең алдымен орта жолдарға күш салдық, орталық жолдарына. Соны қазанның аяғына дейін 100 пайыз аяқтап шығамыз. 
   

Шымқаланың көлік ағынын азайтуға бағытталған Қонаев даңғылының маңызды бөлігі де қозғалысқа уақытша ашылды. Алты кезең бойынша жүріп жатқан құрылыстың 3-ші кезең бойынша Терешкова көшесінен Бөгет көшесіне дейінгі аралықтың ұзындығы -560 метрге созылады. Бұл аумақта құрылыс 2020 жылы басталған. Мұнда теміржол және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі де салынды.  Қонаев даңғылы толық  ашылған соң  Шымкентте көлік кептелісі  үш есе азаяды,- дейді мамандар.

А. Төребекқызы