Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мәжіліс депутаты мұражай ұжымымен кездесті

AstanaTV
08.07.2016ж. 20:00
3163
Мәжіліс депутаты мұражай ұжымымен кездесті

Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мұражай ұжымы заманауи құрылғылардың жоқтығынан ғылыми сараптамалар жүргізе алмай отыр. Бұл туралы бүгін аталған орталықтың директоры мұражайға арнайы келген мәжіліс депутаты Гүлнәр Ықсановамен кездесуінде айтты. Мұражай өкілінің айтуынша, бүгінде коллекция жинаушылар саны артып келеді, ал бұл көпшіліктің ұлттық өнерге деген қызығушылығының артқанын айғақтайды. Жаңа коллекциялар ұсынатын галереялар санының артуынан, жасанды көшірмелер де көбейген. Сол үшін боямасыз туындыны анықтайтын ғылыми сараптамалар аса қажет, - деді. Өз кезегінде халық қалаулысы мұражай ұжымына халықаралық стандарт бойынша техникалық-экономикалық негіздемемен жұмыс істеу керектігін ескертті.

Гүлнар Ықсанова, ҚР  Парламенті  Мәжілісінің  депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Бүгінде театрларда, әсіресе мұражайлардағы құқықтық база ескі. Осы төңіректе шешілмеген мәселелер көп. Мысалы, жекеменшік мұражайлар мемлекеттік мұражайларға барып, жәдігерлерін қоя алмайды. Сосын  құнды жәдігерлерді сақтайтын мұрағат қоймалары да жоқ. Сондықтан қазір мәдениет және спорт министрлігінде ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар бар. Біз қазір шетелден ұлттық құндылықтарымызға қатысты жәдігерлерді әкелуге мүмкіндік қарастырып жатырмыз. Сондықтан «Мәдениет заңына» енгізіліп жатқан жаңа осындай өзгерістерді мұражай сарапшылары қарап, үн қосса дейміз.

Ал Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев Тараздағы «Халыққа қызмет көрсету орталығының» жұмысымен танысты.  Сондай-ақ, осы орталыққа  келушілермен кездесіп, олардың сауалдарына жауап берді. Арбаға танылған азаматтар да, келешекте жеке кәсіпкерлік ашу жолдарын сұрады. Бұған дейін бұл орталықтарда 212 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілсе, биылдан бастап ол 522-ге өскен. Ал, оның 300-ден астамы электронды портал арқылы іске асып жатыр.

Фахриддин Қаратаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Біз енді өңірлерге барып, осы жергілікті жерді, заңның қалай орындалуы, атқарушы органдардың қалай жұмыс жасап жатқандығын қадағалаймыз. Мысалы, осы жерге келіп ХҚКО жұмыстарымен танысып отырмыз. Бұл жерде мен елдерден арыз-шағым, артық андай-мұндай әңгіме естімедім. Мұның барлығы жұмыстың дұрыс жолға қойылғандығы деп ойлаймын. 

Айгүл ЕРМАХАН