Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қала күні қалай тойланады?

AstanaTV
05.07.2022ж. 20:00
862
Қала күні қалай тойланады?

Биыл ел астанасына 24 жыл толады. Сарапшылардың пайымынша аз уақыт ішінде елордамыз - Қазақстанның әкімшілік-саяси орталығы ретінде қалыптасты. Жас астанамыздың жетістіктері өңірлердің серпінді дамуына, олардың ілгері басуына үлгі болды дейді академик Дихан Қамзабекұлы.

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ:
 
Астана күні еліміз үшін аса маңызды, мерейлі мерекелердің бірі. Өйткені біз тәуелсіздік кезеңіндегі жаңа тағдырымызды, еліміздің жаңа дамуын астанамен байланыстырамыз. Астана идеясы, астана мұраты біздің халқымызды біріктірген және жаңа идеяларға бастаған.

Бас қалада елорда күніне дайындық қызу. Таңмен спорттық жарыстармен басталмақ. Сондай-ақ, "Қазанат" ипподромында шабандоздар "Елорда кубогы" үшін  бақ сынайды. Күні бойына түрлі мерекелік шаралар өтіп, кешкісін Амфитеатр сахнасында, "Қазақстан" Орталық киноконцерт залында концерт өтпек. Одан бөлек, «Астана арена» стадионында кешкісін дәстүрлі Open air өтпекші. Бұл шараға жас та, жасамыс та қатыса алады. Айта кетейік, биыл мерекелік отшашу болмайды.

Нұран ҚАМЗИН, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


6 шілде күні осы бізде ОКЗ-да Дос-Мұқасанның концерті өтеді. 6 шілде күні  орталық саябақта орналасқан амфитеатрда  Лұқпан Жолдасовтың шығармашылық кеші өтеді.

А. Шамшидин