Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Елорданы кірпішпен қамтамасыз ететін зауыт ашылды

AstanaTV
07.07.2022ж. 20:00
1190
Елорданы кірпішпен қамтамасыз ететін зауыт ашылды

Елорда іргесіндегі Аршалы ауданында кірпіш зауыты ашылды. Өндіріс орны небәрі 1 жарым жылда бой көтерген. Кәсіпорынның ашылу салтанатына  Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысты. Толығырақ тілшіміз тарқатады.

Зауыттың жылына  120 млн. данаға дейін кірпіш шығаруға мүмкіндігі бар. Еуропалық стандарттарға сәйкес келетін өндіріс орнының Орталық Азияда баламасы жоқ. Мұнда керамикалық кірпіш исан технологиясы бойынша дайындалады. Зауыттың жанында 161 гектар карьер бар. Өндірісте жергілікті шикізат пайдаланылады.  

Асат ҚАБЫЛДИН, "SG BRICK" ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл әлемдік нарықтағы зауыт десем артық айтпаймын, себебі сапалы дүние шығып жатыр. Кірпіштің глинасы өзіміздің өніміміз. Аршалыдағы лай батпақтан алынады.

Аталған құрылыс компаниясы бұл зауытты 1 жарым жылда тұрғызған.  Осыған дейін компания  Өзбекстан, Украина, Ресейден құрылыс материалдарын жеткізу жұмыстарымен айналысқан. Бұл орайда бірқатар қиындық туындағанын айтады.

Асат ҚАБЫЛДИН, "SG BRICK" ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
 
Біз зауытта орнатылған испандық жабдықтардың мүмкіндіктерін, сондай-ақ керамикалық кірпіш жасаудың толық циклін келген қонақтарға көрсеттік. Қазіргі уақытта бір тәулікте 200 мың дана шығарып жатырмыз.

Отандық өнім ішкі нарықтың үштен бір бөлігін қамтиды. Негізгі өнім Нұр-Сұлтан қаласы құрылыс нарығын қамтамасыз етеді. Қазір зауытта 160-қа жуық адам жұмыс істейді. Олардың әлеуметтік жағдайы толығымен қамтылған дейді зауыт директоры. Алдағы уақытта, кірпіш шығарудан басқа, оны бояу өндірісін жолға қою жоспарлануда.  

Ә. Дүкембаева