Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Жыл сайын өндірісте 10-12 адам мерт болады. Біз бұл жағдайға көне алмаймыз",-Ә.Смайылов

AstanaTV
08.07.2022ж. 20:00
1450
"Жыл сайын өндірісте 10-12 адам мерт болады. Біз бұл жағдайға көне алмаймыз",-Ә.Смайылов

Премьер-министр Әлихан Смайылов «АрселорМиттал Теміртауды»  өндірістегі апаттарды азайту бойынша пәрменді шаралар қабылдауға шақырды. Металлургия қауіптілігі аса жоғары өндіріс саласы екенін атап өтті. «АрселорМиттал Теміртауда» аталған проблема өткір болып тұр, ал кәсіпорында жүргізіліп жатқан қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шаралары жағдайды түбегейлі жақсартуға мүмкіндік беріп отырған жоқ. Үкімет басшысының пікірінше, технологиялық процестерді жаңғыртуға, оның ішінде моральдық тұрғыда әбден тозығы жеткен жабдықтарды жаңартуға бөлінген инвестиция жеткіліксіз. Бұл – өндірістегі апаттық жағдайлардың туындауына әкелетін басты себептердің бірі, деді.  Премьер-Министр экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
 
Жыл сайын өндірісте 10-12 адам мерт болады. Біз бұл жағдайға көне алмаймыз. Жабдықтардың әбден тозығы жеткен, жаңғыртуға салынатын инвестициялар деңгейі басқа кәсіпорындармен салыстырғанда 2-3 есе төмен. Мұны түзету керек. Инвестиция көлемін кезең-кезеңмен арттырып, ең алдымен, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.


Ә. Дүкембаева