$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Экспорттың төмендеуінен отандық ет өндірісі орасан шығын көріп отыр

AstanaTV
11.07.2016ж. 20:00
2884
Экспорттың төмендеуінен отандық ет өндірісі орасан шығын көріп отыр

Экспорттың төмендеуінен отандық ет өндірісі орасан шығынға батып отыр. Бүгін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында жиналған бір топ шаруалар осындай уәждерін айтты. «Россельхознадзор» Қазақстаннан жеткізілетін өнімге уақытша шектеу қойған 3 айдың ішінде 3 млрд теңгеден қағылған. Ет бизнесіндегілер Ауыл шаруашылығы министрлігінен мәселені шұғыл реттеуге өтініш жасап отыр.

Ресми ақпарға қарағанда, Ресейдің Қазақстаннан кіргізілетін етке мораторий жариялауына Ақтөбе, Атырау және Қарағандыдан пастереллез ауруынының шығуы себеп болыпты. Сондай-ақ, сібір жарасының да біршама қосқан кері әсері бар. Әйтпесе, бұған дейін көрші елге жылына 10 мың тонна ет экспортталып келіпті. Егер жағдай бұдан да ушықса, тағы бірнеше мемлекет қазақ өнімінен бас тартуы мүмкін. Мәселен, былтыр Қытаймен 300 млн долларға 50 мың тонна ет жеткізуге жасалған келісім бұзылмақ.

Мақсұт Бақтыбаев, Қазақстан ет қауымдастығының төрағасы:

Ет эскорты тікелей ветеринарлық ахуалға байланысты. Егер бізде қандай да бір вирустың ұшқыны шықса, келісімшарттар бұзылады. Мәселен, соңғы жағдайлар оған куә. Егер мәселені шұғыл шешпесе, онда миллиардтаған инвестиция күйіп кетпек. Соңғы 3 айдың өзінде 3 млрд болды. Үкімет оған назар аударуы тиіс. 

Құралай ПИОНЕР