6 ай ішінде Қазақстанда 10 мыңға жуық интернет-алаяқтық жасалған. Соның ішінде ең көп таралғаны - онлайн-сауда. Әсіресе банктер мен шағын несие беру ұйымдары арқылы онлайн-қарыздарды рәсімдеу азаймай келеді. Мысалы, Алматы тұрғыны өз пәтерін сатып, алаяқтардың шотына 23 млн теңге аударған. Алаяқтықты жасады деген күдікпен ұсталғандар да бар. Павлодар облысы мен Алматыда қазақстандық пен ресейдің 15 азаматы анықталған, бірақ 5-і ғана қамалған. Келтірілген шығын көлемі 100 миллион теңгеден асады. Ол аздай "жалған полицей" болатындар да көбейген.
Жандос СҮЙІНБАЙ, ҚР ІІМ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КИБЕРҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атынан жасалатын алаяқтық фактілері де жиілеп кетті. Жалған полицейлер азаматтардың телефондарына қоңырау шалып, қазіргі уақытта оларға жылжымайтын мүлік кепілдігімен несие берілетінін хабарлайды. Алаяқтарды ұстау үшін олар жылжымайтын мүлікті шұғыл түрде төмен бағамен сатуды ұсынады, ал ақшаны сақтау үшін "сақтандыру шотына" аударыңыз деп кеңес береді. Адамның сеніміне кіру үшін, өз құрбандарына психологиялық қысым көрсету мақсатында "жарияламау фактісі" туралы хабарлайды.
Құзырлылар, "оңай табыс табасыз" деп, алдайдындардың да жолын кесе алмай отыр. Бар болғаны барынша абай болуға ғана шақырады.
А. Базарбай